Жаңалықтар тізбегі
0

Президентке "Қылмыстық атқару жүйесіндегі үздіксіз бейнебақылау" жобасы таныстырылды

Президентке «Қылмыстық атқару жүйесіндегі үздіксіз бейнебақылау» жобасы таныстырылды  , сурет - Zakon.kz жаңалық 30.06.2023 16:45 Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес қылмыстық атқару жүйесі мекемелері үздіксіз бейнебақылаумен жарақтандырылып жатыр.

Бүгінде 52 мекемеде 22 042 бейнекамера орнатылды. Жыл соңына дейін 26 мекемеде 13 822 бейнекамера орнатылады.

Аталған жоба сотталғандар және қызметкерлер тарапынан жасалатын құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған. Бақылау нақты уақыт режимінде жүргізіледі.

Жүйе іске қосылғалы бері тіркелген құқық бұзушылықтар саны 40 пайызға артты, 3 түрмеден қашу әрекетіне және 13 өз-өзіне қол жұмсау әрекетіне тосқауыл қойылды. Өкінішке қарай, сотталғандар өздерінің заңсыз әрекеттерінің ізін жасыру үшін бейнебақылау камераларын істен шығарады. Олар жыл басынан бері 300-ден аса бейнекамераны сындырған.

Президент бейнебақылау жүйесіне нұқсан келтіргені үшін қылмыстық жауапкершілік енгізуді тапсырды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: