Атырауда туристік агенттік директоры бес жылға бас бостандығынан айырылды
Сурет: Zakon.kz
Атырау соты INFINITY TRAVEL M туристік агенттігінің директорын алаяқтық үшін бес жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Ақ Жайықтың" хабарлауынша, турагенттік директоры 30 миллион теңгені жымқырған. Енді ол ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігінің 3-тармағы ("Екі немесе одан көп адамарға қарсы алаяқтық") бойынша заң бойынша жауап беруі керек. Сонымен қатар сот оны жәбірленушілерге ақшаны қайтаруды міндеттеді.
Еске салайық, өткен жазда Атыраудың жиырмадан астам тұрғыны осы туристік агенттіктен шетелде демалуға жолдама сатып алған. Бірақ олардың сапары өтпей, 42 жастағы агенттік басшысы із-түзсіз жоғалып кеткені хабарланған еді.
2022 жылдың 26 тамызында алданған 23 клиент қалалық ішкі істер бөліміне ұжымдық арыз жазып, қылмыстық іс қозғалып, қазір үкім шықты.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript