Қазақстанның бірқатар қаласында қолайсыз ауа райы болжанды

Қазақстанның бірқатар қаласында қолайсыз ауа райы болжанды, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.07.2023 10:11 Сурет: pexels
"Қазгидромет" РМК мәліметінше, 12 шілдеде Павлодар, Астана, Алматы, түнде Атырау және Риддер қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдай болатыны болжанды деп хабарлайды Zakon.kz.

Қолайсыз ауа-райы жағдайлары (ҚАЖ) – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиян (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (тыныш, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚАЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы мүмкін.

Ластану деңгейінің қалыптасуын анықтайтын маңызды факторлардың бірі - синоптикалық жағдайды болжау (жел, жауын-шашын, ылғал, ауа температурасы).

Бұған дейін 12 шілдеде Қазақстанның 15 облысында дауылды ескерту жарияланған еді. Сәрсенбі күні аптап ыстық еліміздің басым бөлігінде +40 градусқа дейін жетеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: