Мусин қоғамда дау тудырған мәлімдемесіне қатысты түсінік берді

Бағдат Мусин, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.07.2023 23:55 Сурет: instagram.com/bagdatmussin/
Цифрлық даму инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин қоғамда дау тудырған мәлімдемесіне қатысты түсінік берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол бұл туралы әлеуметтік желілердегі парақшасында жазды.

"Кеше Мемлекет басшысының алдында сөйлеген сөзім көрсетілген бейнематериалдың бір бөлігі қоғам тарапынан қызу талқыға түсті. Мен бұған дейін Президентке саладағы жағдай туралы айтқан болатынмын, сондықтан Мемлекет басшысы баяндамамды тоқтатып, мәселемен таныс екенін айтты, сондықтан менің видеодағы сөйлеген сөзім аяқталмағандай көрінді. Бейненің бөлігін қызу талқылап жатқан бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері мен сарапшыларға кездесуде айтылған сөзімнің толық нұсқасы қолжетімді болады деп ойлаймын".  Бағдат Мусин

Министр Батыс Қазақстан облысы тұрғындарымен кездесуге бара жатқанын, жолдағы уақытты пайдаланып, өзіне келіп жатқан көп сауалға жауап беруді және кейбір интернет-сарапшылардың оның сөздерін дұрыс түсіндірмеуіне пікір білдіруді шешкенін айтты.

"Біріншіден, назар аударғым келетін нәрсе - байланыс құны. Біз интернет құнының арзандығы бойынша әлемдегі 10 елдің ішінде болмасақ та, 20 елдің ішіне кіреміз. Бұл факт. Бірақ, арзан байланыс операторлар үшін тиімді емес екенін түсіну маңызды. Бұл бизнес, сондықтан бизнесті дамыту, яғни желіні құру және сапаны жақсарту үшін инвестиция қажет. Кіріспен бірге инвестициялар келеді. Егер табыс төмен болса - даму үшін инвестиция құйылмайды, тиісінше сапа да болмайды. Әлеуметтік желілердің дамуына байланысты, елде трафикті тұтыну бірнеше есе өсті. Бұл нені білдіреді? Бұл операторлар желісіндегі жүктеме де артты деген сөз. Бірақ шығындар тұтынылатын трафиктің көлеміне сәйкес тепе-тең түрде өскен жоқ. Қазақстан - мобильді трафикті тұтыну бойынша жетекші елдердің бірі және мобильді желіні қолдану жағынан да алдыңғы қатарда". Бағдат Мусин

Министр IKS-Consulting деректері бойынша 2022 жылы Қазақстанда 1 пайдаланушыға арналған Интернеттің мобильдік трафигінің орташа көлемі айына 13,9 Гбайт болатынын айтты.

"Салыстырсақ, бұл көрсеткіш Солтүстік Америка елдерінде айына 5,6 Гбайтты ғана құрайды. 5G енгізгенімізді есепке алмағанда, Қазақстанда мобильдік трафик 2019 жылы 60% - дан 2022 жылы 21% - ға дейінгі қарқынмен өсті және бұл тренд жалғаса береді. Бұл 4G/5G мобильді желілеріне үлкен жүктеме. Желілерді салу үшін қажетті құрылғыларлың да бағасы өсіп келе жатқанын ескеру маңызды. Мен өз саламдағы мәселер туралы ашық айтуым керек деп есептеймін.Біз инфрақұрылымды жаңартуымыз қажет. Бұл заман талабы. Біз барлық ауылдарды интернетпен қамтуымыз керек қой! Бұл да басты қажеттілік! Тарифтерді жасанды ұстап тұру саланың тоқырауына әкеледі. Біз бәріміз барлық жерде сапалы және өзгелердікінен арзанырақ қызмет алғымыз келеді. Бірақ біз қалағанымыздай бола бермейді. Бізге қарағанда интернет кімде арзан? Барлығы 10-15 елде. Қытайда интернет халықтың санының көптігінен арзан. Олармен салыстыруға келмейді. Израильде ше? Бұл ел аумағы жағынан Павлодар облысынан да кіші. Бұл елдегі базалық станциялардың саны Алматы мен Астанадағыдай. Егер сандарға қарасақ, Ookla деректеріне сәйкес, Қазақстанда 4G қолжетімділігі 84,5% құрайды, бұл көрсеткіш бойынша Қазақстан әлемде 79-орында. Ел аумағын 4G желілерімен 100% қамтыған Оңтүстік Корея көшбасшы болып табылады. Яғни, Қазақстан бұл ретте интернетпен қамту бойынша алдыңғы қатарға ұмтыла алады".  Бағдат Мусин

Ведомство басшысының айтуынша, Қазақстанда 4G желілерінің “сыйымдылығы” бойынша да мәселелер бар – елде 20 мыңға жуық 2G/3G/4G базалық станциялары бар, оның ішінде 19 миллион қазақстандыққа 10 мыңға жуық 4G базалық станциялары бар. Осылайша, Қазақстанда 1 миллион адамға шаққанда 526 базалық станция бар.

"Салыстыру үшін, Оңтүстік Кореяда 51 млн. тұрғынға шаққанда 1 млн. 4G базалық станциясы, яғни 1 млн.тұрғынға шаққанда 19607 4G базалық станциясы бар. Немесе Қытайды алсақ, 1,4 млрд. тұрғынға шаққанда 6 млн. 4G базалық станция бар, бұл 1 млн.тұрғынға шаққанда 4528 4G базалық станцияны білдіреді. Егер Астана бойынша қарасақ, қазір 1,3 млн. тұрғынға шаққанда 2500-ге жуық 4G базалық станция бар, бұл 1 млн.тұрғынға шаққанда 1923 4G базалық станциясы. Яғни, елордада да 4G желілерінің “сыйымдылығын” ұлғайту қажет.Сонымен қатар, бір орында тұра алмаймыз және жаңа технологияларды дамыту маңызды, яғни 5G-ді енгізу. Байланыс туралы айтатын болсақ, біз аумағы бойынша үлкен және халық тығыздығы бойынша "кішкентай" екенімізді есте ұстаған жөн".Бағдат Мусин

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: