Жаңалықтар тізбегі
0

Екібастұзда сауда үйінде ер адам көз жұмды

сауда ойын-сауық орталығы, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.07.2023 22:57 Сурет: unsplash
Екібастұзда сауда үйінде ер адам көз жұмды. 68 жастағы тұрғын жедел жәрдем көлігі келгенге дейін қайтыс болған, деп хабарлайды Zakon.kz pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық жедел жәрдем станциясының мәліметінше, "Сказка" сауда үйіне өтіп бара жатқан адамнан сағат 13:41-де шақырту түскен. Медициналық топқа жеделдіктің бірінші санаты бойынша шақырту беріліп, бригада оқиға орнына 10 минутта жеткен. Бұл 103 қызметі пайдаланатын навигациялық жүйенің деректерімен расталады.

"Бригада келген кезде сауда орталығының ішіндегі ер адамда тіршілік белгілері байқалмаған. Дәл сол сәтте оған ешкім көмектесіп жатпады. Кардиограмма асистола  және жүрек соғысының тоқтағанын көрсетті. Ер адам ес-түссіз күйде жатты, ұйқы артериясында пульсация болмады және тыныс алуы тоқтаған еді", - деді станцияда. 

Бригада дереу реанимациялық шараларды бастап, қолдарынан келгеннің бәрін жасаған, дегенмен ер адамның демі үзіліп кеткен.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: