Павлодарда ер адам 10-қабаттан құлап, мерт болды

Павлодарда ер адам 10-қабаттан құлап, мерт болды, ол көмек келгенге дейін көз жұмды, деп хабарлайды Zakon.kz pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Облыстық жедел жәрдем станциясы баспасөз қызметінің мәліметінше, Назарбаев даңғылы бойындағы көпқабатты тұрғын үйден адам құлағаны туралы хабарлама түскен. Медициналық бригада оқиға орнына сегіз минутта жетті.
Дәрігерлер келгенге дейін 48 жастағы ер адамның оныншы қабаттан құлағаны анықталды.
Облыстық полиция департаменті аталған фактіге қатысты әзірге түсінік берген жоқ.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript