Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанның табиғатты қорғау мекемелері қызметкерлерінің жалақысы көтерілді

Биылғы 1 шілдеден бастап Қазақстанның табиғатты қорғау мекемелері қызметкерлерінің жалақысына 100% үстемеақы қосылады. , сурет - Zakon.kz жаңалық 18.07.2023 08:58 Сурет: Instagram/qazfwc
Биылғы 1 шілдеден бастап Қазақстанның табиғатты қорғау мекемелері қызметкерлерінің жалақысына 100% үстемеақы қосылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Үкіметі Мемлекет басшысының аталған салада еңбек жағдайларын жақсарту жөніндегі тапсырмасын орындау аясында тиісті қаулы қабылдады.

Құжатта адам өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жұмыс үшін қосымша ақы белгілеу көзделген. Еңбек жағдайлары ерекше құрылымдардың қатарына жануарлар дүниесін қорғау, орманды қорғау және қалпына келтіру, мемлекеттік орман қорғау және т.б. мамандандырылған ұйымдар жатады.

Енді қызметкерлердің орташа жалақысы атқаратын қызметі мен жұмыс өтіліне байланысты 101 мыңнан 320 мың теңгеге дейін ұлғаяды.

Жалпы осы салада 12 876 қызметкердің жалақысы көтеріледі. Бұл шара білікті кадрлардың тұрақтап қалуына және жалпы жұмыстың тартымдылығын арттыруға мүмкіндік береді деп күтілуде.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: