Жаңалықтар тізбегі
0

ҚР ИИДМ аяқ киімді таңбалау құнын белгіледі

Қазақстанда 2019 жылдың 30 маусымы мен 2020 жылдың 31 желтоқсаны аралығында аяқ киімді таңбалау бойынша пилоттық жоба жүзеге асырылды., сурет - Zakon.kz жаңалық 21.07.2023 12:46 Сурет: pixabay
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 14 шілдедегі бұйрығымен аяқ киім өнімдерін таңбалау кезінде қолданылатын сәйкестендіру құралы, бақылау (сәйкестендіру) таңбасының құнының шекті мәні белгіленді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Аяқ киім өнімдерін таңбалау кезінде қолданылатын бақылау (сәйкестендіру) таңбасының, сәйкестендіру құралдарының құнының шекті құны қосылған құн салығынсыз бірлігіне 2,68 теңге мөлшерінде белгіленсін", - делінген құжатта.

Бұйрық 2023 жылғы 31 шілдеде күшіне енеді.

2023 жылдың 1 сәуірінен бастап Қазақстанда аяқ киімді міндетті цифрлық таңбалау жүйесі жұмыс істей бастады. Оны іске қосу бір жыл бұрын жоспарланған болатын, бірақ кәсіпкерлер жаңа ережелерге бейімделу үшін көбірек уақыт сұрады. Қадағалайтын мемлекеттік органдар жеңілдік жасап, кәсіпкерлерге қосымша бір жыл берді.

Қазақстанда 2019 жылдың 30 маусымы мен 2020 жылдың 31 желтоқсаны аралығында аяқ киімді таңбалау бойынша пилоттық жоба жүзеге асырылды. Жобаға аяқ киім айналымына 19 қатысушы – 5 өндіруші-дистрибьютор қатысты.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: