Алматы азық-түлікпен қажетті көлемде қамтамасыз етілген – Сағынтаев

Алматыда азық-түлік, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.01.2022 09:57 Сурет: pixabay
Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қала тіршілігін қалпына келтіру бойынша жұмыстардың барысын тексерді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚазАқпарат агенттігі супермаркеттердің біріне барған әкім тауарлар ассортиментін және дүкендерде азық-түлік қоймаларының бар-жоғын қарап шыққанын жазды.

Бүгінгі күні қала азық-түлік тауарларымен және бірінші қажеттіліктегі тауарлармен жеткілікті көлемде қамтамасыз етілген. Алаңдауға негіз жоқ.Алматы қаласының әкімі Б. Сағынтаев

Алматыда 77 супермаркет жұмысын қайта бастады. Соның ішінде 39-ы – «Magnum» дүкендер желісі, 9 – «Small», 1 –«Тоймарт». Үш ірі азық-түлік базары жұмыс істеп тұр. Олар: «Барыс», «Алматы 1», «Арыстан».

44 жанар-жағармай құю бекетінің қызметі жанданды, тағы 25-і жұмысын бастауға әзірлік жүргізуде.

Оған қоса, 111 дәріхана жұмыс істеп тұр. Соның ішінде 107-сі сағат 08.00 – 19.00 аралығында ашық болады. 4 дәріхана тәулік бойы жұмыс істейді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: