Сағынтаев тәртіпсіздік салдарынан зардап шеккен БАҚ кеңселерін аралады

Сергей Киселев, "Еуразия" бірінші арнасы, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.01.2022 17:26 Сурет: Zakon.kz
Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев террористер шабуылдаған БАҚ кеңселеріне барды, деп хабарлайды Zakon.kz

Бақытжан Сағынтаев бұқаралық ақпарат құралдары басшыларымен кездесті. Олар әкімге лаңкестердің шабуылынан кейінгі келтірілген шығын жайлы айтып берді.

Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылы 5 қаңтарда бандиттік топтар Республика алаңында орналасқан "Еуразия" бірінші арнасын, Мир және НТК телеарналарын, бірнеше радиостанцияны, Zakon.kz және басқа сайт редакцияларын талқандап, тонаған болатын.

Сергей Киселёв, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.01.2022 17:26

Сурет: Zakon.kz

"Еуразия" бірінші арнасының бас директоры Сергей Киселёв Zakon.kz тілшісіне болған жайтты баяндап берді.

Оның айтуынша, террористер арнайы дайындалып, оқытылған. Олардың қолдарында қару-жарақ пен техникалық байланыс құралдары болған. Алдымен олар телеарналарды басып алып, эфирге шығуды көздеген. Бірақ БАҚ қызметкерлері оларға мұндай мүмкіндік бермейтінін түсінген кезде айналасының бәрін қирата бастаған.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: