Нұр-Сұлтанда террористік қауіптіліктің жоғары "қызғылт сары" деңгейі жойылады
Сурет: Zakon.kz
27 қаңтар сағат 00:00-ден бастап Нұр-Сұлтан қаласында террористік қауіптіліктің жоғары "қызғылт сары" деңгейі жойылады, деп хабарлайды Zakon.kz
"Елордада 27 қаңтар сағат 00:00-ден бастап террористік қауіптіліктің жоғары "қызғылт сары" деңгейі жойылады, күш құрылымдары штаттық жұмыс режиміне көшті", – деп хабарлады елордалық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штаб.
Еске сала кетейік, Нұр-Сұлтанда 13 қаңтардан бастап террористік қауіптіліктің жоғары, "қызғылт сары" деңгейі белгіленген. Терроризмге қарсы күрес жөніндегі республикалық жедел штаб құқық қорғау органдар жұмыстарына түсіністікпен қарауды және олардың заңды талаптарын сақтауды сұрайды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript