Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда бизнеске көмектесу үшін қалалық бюджет қайта қаралды

Қала бюджеті, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.01.2022 22:39 Сурет: Zakon.kz
Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс XIV сессиясында қала бюжетіне нақтылау жүргізілді, деп хабарлайды Zakon.kz

Қаланың әкімшілік және күштік құрылымдарының тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету мәселелерін жедел шешу үшін сонымен қатар, кәсіпкерлерге келтірілген залалды өтеуге және бизнес секторын ынталандыру мақсатында мәслихат әкімдіктің бастамасы бойынша Алматы қаласы бюджетіне нақтылау жүргізді.

Жалпы жергілікті бюджетті нақтылау 2021 жылғы бюджеттің кіріс бөлігін 30 млрд теңге сомасына асыра орындау есебінен жүргізілетіні баса атап өтілді. 

Бөлініп отырған қаржы мемлекет басшысының қаланы тезірек қалпына келтіру, халық пен бизнес нысандарына көмек көрсету жөніндегі тапсырмаларын іске асыру мақсатында мынандай шығыстарға бағытталады:

  •  тәртіпсіздік барысында зардап шеккен кәсіпкерлерге келтірілген залалды өтеу - 5 млрд теңге;

  • ШОБ субъектілері үшін коммуналдық шығыстарды төлеу бойынша шығындарды субсидиялауға (3 ай мерзімге) - 1.5 млрд теңге;

  •  халықты жұмыспен қамту бағдарламасын қаржыландыру аясында қоғамдық жұмыстарға жұмысқа орналастыру үшін 6 мың адамға 3.3 млрд теңге қаражат қарастыру жоспарлануда;

  •  шағын және орта бизнес субъектілерін жеңілдікпен несиелеу тетігін енгізуге 6.3 млрд теңге бөлінді;

  • құқық қорғау органдары қызметкерлерінің материалдық-техникалық жабдықталуын нығайтуға 2.2 млрд теңге бөлу жоспарлануда;

  • сонымен қатар, қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету және қалпына келтіру үшін әлеуметтік маңызы бар іс-шараларды қаржыландыруға өзге де шығыстар көзделген.

Сонымен қатар, қазіргі уақытта қала бюджетін нақтылау жобасы әзірленуде, онда мегаполистің тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету мен қалпына келтіруге қатысты басқа да мәселелер қаралатын болады. Мәслихат хатшысы Станислав Канкуров
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: