Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасарлары тағайындалды
ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша меритократия қағидатына сәйкес қала әкімнің орынбасарлары болып Сарыарқа ауданының бұрынғы әкімі Есет Байкен мен Есіл ауданының бұрынғы әкімі Берік Жәкенов тағайындалды.
Есет Байкен еңбек жолын Астана қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасында жетекші маман қызметінен бастады. Әр жылдары Астана әкімі аппаратының әлеуметтік-мәдени сала бөлімінің бас маманы, Астана әкімі аппаратының бас инспекторы, Ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің басшысы болып жұмыс істеді.
Сурет: Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Берік Жәкенов еңбек жолын 2000 жылы Көкшетау қаласының Салық полициясы органдарынан бастады. 2002-2007 жылдары Теміртау қаласы бойынша Салық комитетінің жетекші және бас маманы қызметтерін атқарды. Сондай-ақ әр жылдары Қарағанды облысының әкімдігінде, Қаржы министрлігінде қызмет атқарған.
Сурет: Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Елорда әкімі Алтай Көлгінов орынбасарларына қаланы жүйелі дамыту жөнінде бірқатар міндет жүктеді.