Бозымбаев «Алтын-Орда» базары туралы: Бар-жоғы 20 млн теңге салық төлеген
Сурет: Алматы облысының әкімдігі
Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев "Алтын Орда" базары туралы өз пікірін білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Әкімнің айтуынша, қазір облыстағы ірі базардың әбден қордаланған проблемаларын шешу міндеті тұр. Атап айтқанда, құрылыс, санитарлық және салықтық сипатта тексеру жүргізу ойда бар.
"Алтын Орда" деген монополист базар бар, Президент онда тәртіп жүргізуді тапсырған. Қазір соған дайындалып жатырмыз. Кейбір цифрды ашып айта алмаймын. Бірақ осы базармен байланысты кейбір компаниялар өткен жылдары бар-жоғы 10 млн теңгеден 20 млн теңгеге дейін салық төлеген. Енді осыдан-ақ олардың бюджетке қанша ақша төлемей, жалтарғанын бағамдай беріңіздер. Сондықтан жұмыс барлық бағыттар бойынша жүргізіледі. Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript