Алматы әкімдігінің бірнеше басқармасы атауын өзгертеді
Сурет: zakon.kz
Әкімдік аппаратының басшысы Асат Нұрпейісов мәслихат сессиясында «Алматы қаласын басқару схемасын бекіту туралы» мәселе бойынша әкімдік басқармаларының атауын өзгерту туралы ұсыныс айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ұйымдарда еңбек заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету, қызметкерлердің құқығы мен бостандығын, оның ішінде қауіпсіз еңбек жағдайларына құқығын қорғау мақсатында одан Еңбек инспекциясы жөніндегі департаментті бөліп, Әлеуметтік қорғау басқармасын қайта құру ұсынылады, - деді Асат Нұрпейісов.
Оның айтуынша, Қоғамдық даму департаментінің жоғарыда аталған функцияларын бере отырып, Креативті индустрия басқармасын Жастар саясаты мәселелері басқармасы деп қайта атау ұсынылып отыр.
Бұл ретте креативті салаларды дамыту функционалдығы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасына беріледі.
Жоба энергия тиімділігін арттыру және инфрақұрылымды дамыту басқармасын Энергетика және сумен жабдықтау басқармасына, тұрғын үй саясаты бөлімін Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасына, Жасыл экономика басқармасын Экология және қоршаған орта департаментіне, Қолайлы қалалық ортаны құрылыс басқармасына, Қоғамдық денсаулық басқармасын Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына айналдырады, – деді Алматы қаласы әкімі аппаратының басшысы.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript