Павлодар облысы әкімінің орынбасары отставкаға кетті

Павлодар облысы әкімінің орынбасары Сәкен Шаяхметов қызметінен босатылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Өткізген өтініші негізінде Сәкен Шаяхметов облыс әкімінің орынбасары қызметінен босатылды, делінген облыс әкімдігінің баспасөз қызметінің Telegram-арнасында.
Ол өнеркәсіп, инновациялық-индустриялық даму, кәсіпкерлік және цифрландыру мәселелеріне жетекшілік етті.
Шаяхметов өңір басшысының орынбасары лауазымына 2020 жылдың 20 ақпанында тағайындалған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript