Шымкент қаласының әкімі І-тоқсанды қорытындылап, есеп берді
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесуді қалалық мәслихат хатшысы Бахадүр Нарымбетов жүргізіп, оған депутаттар мен басқарма басшылары қатысты.
Сурет: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
34 елдімекеннен тұратын Абай ауданының кездесуге 15 елдімекені, атап айтқанда Жаңаталап, Қызылжар, Алтынтөбе, Көкбұлақ, Тәуелсіздікке 20 жыл, Игілік, Жайлау, Ақниет, Ынтымық, Ынтымақ-2, Тұрлан, Жаңа Тұрлан, Ақниет, Қорғасын-1,2 Жиделі тұрғын алабынан 400-ге жуық тұрғыны келді.
Қала әкімі 1-тоқсанды қорытындылап, қаланың даму көрсеткішін баяндап, елдімекендерді аралау кезінде көтерілген мәселелердің шешілуі бойынша есеп берді.
Сурет: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Жаңа жылдан бері Әйтенов мегаполистегі барлық 72 елдімекенді аралап, онда 374 мәселе көтерілгенін жеткізді. Әрбіріне жеке хаттамалық тапсырма жазылып, орындалуы қатаң бақылауда болды. Нәтижесінде бүгінге дейін 78 мәселе шешілді, 249-ы жыл соңына дейін шешіледі, 47 мәселе 2023-2025 жылдары шешімін табады.
Аралаудан бөлек, ай сайын аудан белсенділерімен әкімдік ғимаратында қабылдаулар өтті. Онда атқарылған жұмыстар нәтижесі баяндалып, белсенділермен мақұлданып отырды.
Сурет: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Ашық диалог арқылы мемлекеттік орган мен халық арасындағы байланыс нығайып, қаланың өркендеуінде үш жақты жауапкершілік орнағанын айтқан Әйтенов алда бұл жұмыстар жалғасатынын жеткізді.
Кездесу тұрғындар сауалына жауап берумен ұласты.
Сурет: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі