Жаңалықтар тізбегі
0

Елорда әкімі Заречныйдың сумен жабдықтау мәселесі қалай шешілетінін айтты

Жұмыс сапары, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.04.2022 17:23 Сурет: Instagram/altay_kulginov_official
Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов өзінің Instagram-дағы парақшасында жергілікті тұрғындармен кездесуде талқыланған Заречный елдімекенін дамыту мәселелері жайында жазды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аудандарымызды, елді мекендерімізді тұрақты аралап, тұрғындармен кездесіп тұрамыз. Бұл жолы Заречный (Есіл ауданы) елді мекенінің тұрғындарымен кездестім. Кездесу барысында бірқатар өзекті мәселе көтерілді: мектеп, балабақша салу және кеңейту, су қысымы, электр қуаты, жолдар мен автобус бағыттары, жылы аялдамалар мен Сергек камералары, гүлзарлар және т.б. Қозғалған проблемаларды жазып алдық, енді оларды іске асыру бойынша жоспар құрамыз.

Тұрғындар талабы, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.04.2022 17:23

Сурет: Instagram/altay_kulginov_official

№45 мектеп бойынша – техникалық сараптама жүргізілген соң күрделі жөндеуден өтеді. Оқушы орнының қажеттілігін ескерер болсақ, бірінші кезекте осы мектептің аумағында жаңа корпус салу мәселесін қарастырамыз. Сол сияқты №56 балабақшаны да күрделі жөндеуден өткізуді жоспарлап отырмыз.

Тұрғын арызы, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.04.2022 17:23

Сурет: Instagram/altay_kulginov_official

Сумен жабдықтау да – жүйелі проблема. Осыған дейін айтқанымдай, былтыр біз сорғы-сүзгі станциясы-3 (ССС) құрылысына кірістік. ССС-3-тің алғашқы кезеңі биыл күзде іске қосылады. Ал толығымен 2023 жылы аяқталады. ССС-3 қаланың алдағы уақытта салынатын аудандарын ауыз сумен қамтамасыз етуге, сондай-ақ сумен жабдықтаудың қазіргі қуатын арттыруға мүмкіндік береді.

Әкіммен кездесу, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.04.2022 17:23

Сурет: Instagram/altay_kulginov_official

Бұл елді мекенде жеке сектор барын ескерсек, оны газдандырамыз. Осыған дейін Сарыарқа мен Алматы аудандары газдандырылған. Биыл Есіл ауданында газ тарату желілерінің құрылысын бастауды жоспарлап отырмыз. Бұл ауданның және жалпы қаланың өмір сүру сапасы мен экологиясын жақсартуға мүмкіндік береді.Жалпы, бұл елді мекенді жоспарлы түрде дамытатын боламыз. Заречный елді мекенінің тұрғындары көтерген мәселелерді назарымызға алдық, осы бағытта тиісті жұмыстар атқарылады.

Әкіммен кездесу, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.04.2022 17:23

Сурет: Instagram/altay_kulginov_official

Осылайша біз барлық аудандарымыз бен елді мекендерімізді тұрақты аралап, жергілікті жерлерде тұрғындардың проблемаларына назар аударамыз. Осының нәтижесінде ең алдымен не істеу керек, қандай мәселелер бойынша жоспар құру қажет және т.б. шешімдер қабылданады. Елді мекендерді дамыту Мемлекет басшысының тікелей бақылауында.

Жұмыс сапары, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.04.2022 17:23

Сурет: Instagram/altay_kulginov_official

Күн райы жылынған уақыттан бастап қала көшелерін жөндеу, аулаларды, қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру, көгалдандыру және т.б. жұмыстарға кірісеміз.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: