Әлеуметтік желідегі қала атауы туралы петицияға қатысты шаһар әкімі жауап берді
Сурет: видеодан алынды
Соңғы күндері әлеуметтік желіде Солтүстік Қазақстан облысының орталығын «Қызылжар» деп өзгерту туралы ұсыныс қызу талқыланып жатыр. Тіпті арнайы петиция пайда болған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Онда елдің солтүстігіндегі екі қаланың атын өзгертуді ұсыныпты: Петропавлды - Қызылжар, ал Павлодарды Ертіс қаласы деп атауды сұраған. Бірнеше күннің ішінде сауалнамаға 40 мыңнан астам адам қатысып дауыс берген. Олардың басым көпшілігі қала атауын өзгертуді қолдап отыр. Осыған байланысты қала әкімдігі түсінік берді, деп хабарлайды КТК телеарнасы.
Бұл петицияға қала әкімдігінің еш қатысы жоқ. Бұл жеке адамның жазған өтініші және оны мемлекеттік органға қатысы жоқ жеке сайтта жарияланған. Қазір қала атауын ауыстыру туралы мәселе күн тәртібінде жоқ. Егер алдағы уақытта бұл мәселе тағы шығатын болса, онда ол Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қаралады. Петропавл қаласы әкімінің орынбасары Асқар Хабибуллин
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript