Алматыдағы ҰОС ардагерлеріне бір миллион теңгеден беріледі
Сурет: Zakon.kz
Алматы әкімі Ерболат Досаев алдағы мереке – Жеңіс күні құрметіне ардагерлерге қолдау көрсетуге уәде берді. Оның айтуынша, әкімдік әрбір соғыс ардагеріне 1 млн теңгеден бөледі, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қала басшысы 1941-1945 жылдардағы соғыста қаза тапқандарды еске алып, гүл қоюға өзі қатысатынын, ардагерлерге әкімдік тарапынан қаржылай қолдау көрсетілетінін айтты.
Ұлы Жеңіс күні біз үшін өте маңызды. Өкінішке қарай, пандемия мерекемізді тойлауды екі жылға шектеді. Биыл мейрамды барынша атап өтеміз. Әр ардагермен байланыса аламыз деп сенемін. Әкімдік тарапынан қолдау көрсеткіміз келеді. Әр соғыс ардагеріне биыл 1 миллион теңгеден бөлеміз.Алматы әкімі Ерболат Досаев
Сонымен қатар тыл еңбеккерлері, қоршауда қалған Ленинград тұрғындары және басқа да ардагерлерге теңестірілген тұлғалар да қолдауға ие болады.
Алматыда мұндай көмек алушылардың 10 600-і тұрады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript