Елордада тағы бір көше ішінара жабылады
Сурет: Zakon.kz
25-27 сәуір аралығында Нұр-Сұлтан қаласындағы Герцен көшесіндегі жолға жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.
Нұр-Сұлтан қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімі бойынша жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Герцен көшесі бойынша жұмыстардың басталғаны туралы мәлімдеді, - деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Осыған байланысты, ағымдағы жылдың 25-27 сәуір аралығында Дүйсенбаев көшесінен Оқжетпес көшесіне дейінгі учаскеде автокөлік құралдары үшін қозғалыс ішінара жабылады.
Қала жолдарында кептеліс тудырмау үшін елорда тұрғындары мен қонақтары өз қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауы қажет.
Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен қарауды сұраймыз. Нұр-Сұлтан қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының баспасөз қызметі
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript