Қызылордаға жаңа әкім тағайындалды

Қызылорда, әкім, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.04.2022 15:25 Сурет: gov.kz
Асылбек Шәменов Қызылорданың әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

А.Шәменов 1978 жылы туған.

Білімі:

Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін «Халықаралық туризм», Қызылорда мемлекеттік университетін «Мұнай-газ кен орындарын игеру» және «Құрылыс» мамандықтары бойынша бітірген.Еңбек жолын 1999 жылы «Қызылорда интеграция» компаниясының менеджері ретінде бастаған.

Еңбек өтілі:

2007-2012 жылдары Қызылорда облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау, сондай-ақ облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармаларында жауапты қызметтер атқарған.

2012-2018 жылдары Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары, Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары.

2018 жылдың мамыр айынан бастап Қызылорда облысының жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы қызметін атқарды.

2018-2020 жылдары Қызылорда облысының жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы;

03.2020-04.2022 аралығында Қызылорда облысы Жалағаш ауданының әкімі қызметін атқарды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: