Жаңалықтар тізбегі
0

Шымкентте салынған ірі АГРС-тің арқасында шалғай елдімекендер газға қосылып жатыр

Газ құбыры, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.04.2022 21:14 Сурет: Шымкент қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі
Шымкент қаласының іргесінде орналасқан Асар-2 елдімекені тұрғындарына табиғи газ беріле бастады. Бұл елді мекенде қазірдің өзінде 2 700 үй бар. Мұнда 10 мыңнан астам адам өмір сүреді. Ұзақ жылдар бойы көмір жағып, күл шығарып әуреленген тұрғындар енді көгілдір отынның игілігін көре алады.
Өткен жылы Асар-2 елдімекеніне ішкі газ жүйесі жүргізіліп, құбырлар тартылған болатын. Алайда, Шымкент қаласы бойынша газ тапшылығы болып, қысымның төмендеуіне байланысты жаңа елдімекендерді газға қоса алмай келгенбіз. Жақында қаламызда №3 автоматтандырылған газ тарату станциясы іске қосылды. Оның қуаттылығы сағатына 250 мың текше метр. Бұл - елдегі ең ірі АГРС-тердің бірі. Осыған байланысты шаһарда газ тапшылығы проблемасы толық шешілді. Енді жаңа елдімекендерге газ беріле бастады. Шымкент қаласы әкімдігі Энергетика басқармасының басшысы Боранбай Болатбеков

АГРС, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.04.2022 21:14

Сурет: Шымкент қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі

Бүгін Асар-2-дегі 13 үйге көгілдір отын берілді. Абоненттеу жұмыстары «ҚазТрансГаз» АҚ-ы тарапынан жүзеге асырылып жатыр.

Үйіне газ кіргізіп, қуанышы қойнына сыймай жүргендердің бірі – Байғараева Тұрсынай. Бес баланың анасы табиғи газдың келуі тұрмысымызды анағұрлым жеңілдетеді деп есептейді.

Қыс мезгілінде үйді жылыту үшін көмір тасып әуре болушы едік. Өткен жылы көшемізге газ құбыры тартылып жатқанын көріп қатты қуандық. Енді, міне, көгілдір отын үйімізге дейін жетті, – дейді ол.

Тұтынушы, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.04.2022 21:14

Сурет: Шымкент қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі

Жақында Асар-2-ден бөлек, Бадам-195 орам, Достық, Азат және Тассай ықшам аудандарына да газ беріле бастайды. Қазір дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. 2021 жылы бұл елдімекендердің барлығында ішкі газ жүйелері тартылған. Ал, АГРС-3-тің іске қосылуымен олардың барлығына газ беру мүмкіндігі туындап отыр. Жалпы, жыл басынан бері 2 мыңнан астам тұрғын газ алу үшін техникалық шарт жасаған.

Желіге қосу, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.04.2022 21:14

Сурет: Шымкент қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі

Бір ескеретін жәйт, мемлекет газ құбырын көшеге дейін жеткізеді. Тұрғындар оны өз қаражаты есебінен үйіне кіргізіп, монтаждау жұмыстарын жүргізуі керек. Бүгінде бұл қызметтің ақысы Шымкент қаласында шамамен 80 мың теңгені құрайды екен.

Айта кетейік, қазіргі уақытта қала тұрғындарының 93 пайызы көгілдір отынмен қамтылған. Биылғы жылдың қорытындысы бойынша бұл көрсеткішті 94,7 пайызға жеткізу көзделіп отыр.

Елдімекендерге газ тарту, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.04.2022 21:14

Сурет: Шымкент қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: