6 мамырда Алматының Алатау ауданында көліктің жаңа бағыты іске қосылады

Алматы, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.05.2022 10:50 Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Алматының Алатау ауданында көліктің жаңа бағыты ашылады. 6 мамырдан бастап Алатау ауданында "Мәдениет" ТК–Өжет шағын ауданы арасында №24 көліктің қалалық жаңа бағыт іске қосылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қозғалыс сызбасына сай автобустар "Мәдениет" ТК-нен Саин көшесі бойымен Үлкен Алматы каналынан Солтүстік айналма жолға дейін, Бекболат көшесінен солтүстікке қарай Өжет шағын ауданына дейін барады және кері қатынайды. Желіде 6 автобус жұмыс істейді.

Еске сала кетейік, Алматы әкімі Ерболат Досаев Алатау ауданының тұрғындарымен кездесуде ауданның өзекті мәселелерінің бірі – көлік бағыттары желісі мен жылжымалы составтың тапшылығын айтқан еді.

Мәселені шешу үшін алты шағын ауданда 2 жаңа маршрут ашылады. 4 бағыт (25, 57, 129, 132) ұзартылып, 4 бағыт күшейтіледі (№109, 115, 122, 125,). Сонымен қатар №103 бағыттағы көліктер жаңарады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: