Жаңалықтар тізбегі
0

Бақанаста Дінмұхамед Қонаевтың ескерткіші ашылды

Ашылу салтанаты, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.05.2022 09:21 Сурет: Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі
14 мамырда Алматы облысы Бақанас ауылында мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Қонаевтың ескерткіші ашылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, ашылу салтанатына жергілікті билік өкілдері, депутаттар, зиялы қауым өкілдері, аудан жұртшылығы қатысты.

Халқымыздың біртуар перзенті, мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың туғанына биыл 110 жыл. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының Жарлығымен Қапшағай қаласына Қонаевтың есімі берілді. Бүгін, міне, қазақтың аяулы  перзентіне үлкен құрмет көрсетіліп, еңселі ескерткіш орнатылды. Ірі тұлғалардың ерен еңбектерін үлгі етіп, ұлыларды ұлықтау – басты парызымыз. Дінмұхамед Қонаевтың бойындағы ұлтжандылық жастарға жұғысты болсын! Қазақтың дара тұлғасының ескерткіші құтты болсын! – деген Қанат Бозымбаев ескерткіш авторлары мен Халықаралық «Дінмұхамед Қонаев қорына» алғыс айтты.

Ескірткіштің ашылу рәсімі, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.05.2022 09:21

Сурет: Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі

Дінмұхамед Ахметұлының ұрпағы Эльдар Асқарұлы Қонаев бұл күнді тарихи күн деп бағалап, Димаш ақсақал үшін ата-бабасының туған жері Бақанастың, ондағы жұртшылығының жөні мен жолы әрқашан ерекше болғанын атап өтіп, халықтың ниеті мен пейіліне әулеттері атынан ризашылық білдірді.

Ескірткіштің ашылу рәсімі, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.05.2022 09:21

Сурет: Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі

ҚР Парламенті Сенатының депутаты Бейбіт Исабаев халық ықыласы мен көңілінен шыққан тұлғаға деген құрметті ешкім де, ешқандай күшпен тоқтата алмайтынын ерекше атап өтті.

Ал генерал-лейтенант Амангелді Шабдарбаев «Бақанасқа Димаш Ахметұлының ескерткішін қою Балқаш халқының арманы еді, ұзақ күткен арман бүгін орындалды», -  деді.

Жиын соңында Дінмұхамед Қонаев рухына құран бағышталып, ас берілді.

Жалпы ескерткіш күрті гранитінен жасалған. Тұғырының биіктігі - 2 м, мүсінінің биіктігі - 3,30 м, ескерткіштің тұтастай алғанда – 5,30 м.

Мүсіннің авторы – Алтай Бейсенов, сәулетшісі – Бекзат Бейсенова. Ескерткіш демеушілер есебінен тұрғызылды.

Арнайы шара, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.05.2022 09:21

Сурет: Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: