Алматы әкімдігі 1 маусымда тегін тамақ пен сусын таратылатындығын жоққа шығарды

Әлеуметтік желі, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.05.2022 20:55 Сурет: Zakon.kz
Алматы қаласының әкімдігі әлеуметтік желіде кезекті рет фейк тарап жатқанын ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Әлеуметтік желіде және мессенджерлерде жалған ақпарат тарауда! Әйел дауысындағы аудиожазбада әкімдік балаларды қорғау күніне орай ертең, 1 маусымда іс-шаралар өткізілетін орындарда балаларға тамақ, сусындар мен тәттілерді тегін тарату, ойын-сауық қызметтерін де тегін ұйымдастыру үшін ақша бөлгені туралы жалған ақпарат айтылады. Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Әкімдік бұған сәйкес келесіні хабарлайды: бекітілген іс-шаралар тізімі әкімдіктің ресми сайтында орналастырылған, сондай-ақ БАҚ-қа жолданған.

Ал тегін тамақ, сусын, тәттілер тарату қарастырылмаған, тегін өзге де қызмет түрін ұйымдастыру туралы сөз жоқ.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: