Жаңалықтар тізбегі
0

Марат Сұлтанғазиевтың ағасы аудан әкімі лауазымынан босатылды

Кадрлық өзгеріс, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.06.2022 13:13 Сурет: gov.kz
Қанат Сұлтанғазиев Еңбекшіқазақ ауданы әкімі қызметінен өз еркімен кетті. 11 мамырда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев оның інісі Марат Сұлтанғазиевты Алматы облысының әкімі етіп тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алматы облысының әкімі болып Марат Сұлтанғазиевтың тағайындалуына байланысты Еңбекшіқазақ ауданының әкімі Қуат Сұлтанғазив өз өтініші бойынша қызметінен босатылды, делінген Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Айта кетсек, Қуат Елеусізұлы Сұлтанғазиев аталған ауданға басшы болып биыл ақпан айында ғана тағайындалған болатын.

Қуат Елеусізұлы Сұлтанғазиев 1975 жылы туған.

Білімі жоғары. Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін бухгалтерлік есеп және аудит мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын Еңбекшіқазақ ауданы бойынша Салық басқармасының инспекторы, бас инспекторы болып бастады.

Әр жылдарда «Казкоммерцбанк» АҚ Шелек филиалының менеджері, жетекші менеджері, бөлім басшысы, директордың орынбасары, Шелек ауылында «БиК Service», Алматы қаласында «Vita trans» ЖШС-ларының директоры, «Баттал» шаруа қожалығының жетекшісі, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Алматы облыстық филиалының директоры болды.

2020 жылдың ақпанынан 2022 жылдың ақпанына дейін «Аграрлық несиелік корпорация» АҚ Алматы қаласы филиалының директоры қызметін атқарды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: