Ақтөбе облысында газбен қамтылған халық үлесі 93,4 пайызға жеткізілмек – Оразалин
Сурет: Ақтөбе облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Өңір әкімі Оңдасын Оразалин облыс халқының 97,2% таза ауызсумен қамтамасыз етілгенін, атап айтқанда, 2021 жылы жалпы халқы 5 мың адамды құрайтын 10 ауыл сумен қамтамасыз етілгенін мәлім етті, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Биыл 23 мыңға жуық халқы бар 11 ауылды орталықтандырылған ауыз сумен және 39 ауылды кешенді блок-модульдермен қамту жоспарланған. Алдымызда Мемлекет басшысының 2025 жылы халықтың 100%-ін сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету міндеті тұр. Дегенмен, қабылданып жатқан шаралардың арқасында бұл көрсеткішті 2023 жылы орындауды көздеп отырмыз. Көгілдір отынмен қамту мәселесіне келетін болсақ, өткен жылы 10 мыңнан астам халқы бар 16 ауылды газбен қамтамасыз еттік", - деді облыс басшысы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде.
Оразалиннің айтуынша, 2022 жылы тоғыз ауылға көгілдір отын тартып, облыстағы газбен қамтылған халық үлесін 93,4% жеткізілмек.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript