Алматы қаласының үш ауданында уақытша ыстық су болмайды

Алматы қаласының Түрксіб, Жетісу және Медеу ауданы аумағында орналасқан көшелер мен тұрғынжайларда, бірқатар тұрғын үйлерге және өзге де ғимараттарға ыстық су беру шектелетін болады, деп хабарлайды Zakon.kz.
«Алматы жылу жүйесі» ЖШС-ның мәліметінше, қаланың үш ауданындағы ғимараттардың бір бөлігі уақытша ыстық судан ажыратылады.
27 маусымнан 1 шілдеге дейін:
Рысқұлов – Буровая - Құлжа тракті;
Атырау-1 шағын ауданы;
Шекспир-Эйхе-Жайсан-Терешкова;
27 маусымнан 8 шілдеге дейін:
Рихарда Зорге – Молдағалиева – Чехов - Ақан Сері.
27 маусымнан 18 шілдеге дейін:
Лавренев-Дөңентаева-Соболев-Зимняя;
Гете-Новосибирск-Майлин-Заславский;
Бекмаханов-Свободная-Сүйінбай.
27 маусымнан 19 шілдеге дейін:
Собинов-Монтажная-Поддубный-Беринг.
Компаниядағылар шектеулер «Алматыжылукоммунэнерго» ЖШС қазандықтарында жоспарлы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін енгізілгенін, уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайтындарын жеткізді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript