Атырау облысы әкімінің екі орынбасары қысқартылды

Атырау облысы, Атырау облысы әкімінің орынбасары, мемлекеттік қызметкер, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.07.2022 09:40 Сурет: Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Серік Айдарбеков пен Нариман Таушов қызметінен босатылды. Атырау облысының әкімдігі қысқарту мемлекеттік қызметкерлерді оңтайландыру мақсатында жүргізілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мемлекет басшысының 2022 жылғы 16 наурыздағы Жолдауында айтылған облыстар мен республикалық маңызы бар қалалар әкімдері аппаратындағы мемлекеттік қызметшілерді оңтайландыру мақсатында Атырау облысы әкімі орынбасарларының шекті саны екі штаттық бірлікке қысқартылды. Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі

Наурыздың 16-сы күні президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында әкімдерде үш орынбасардан артық болмауы керек деп мәлімдеді. Кейбір жағдайларда ғана төрт орынбасар болуы мүмкін. Тоқаев президент әкімшілігіне бұл мәселені бақылауға алуды тапсырды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: