Нұрбол Нұрсағатов Абай облысы әкімінің орынбасары болды
Сурет: Абай облысы әкімдігі
Нұрбол Нұрсағатов Абай облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Ол бұған дейін Нұр-Сұлтандағы Байқоңыр және Алматы аудандарының әкімдіктерін басқарған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Президент әкімшілігімен келісе отырып, Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаевтың өкімімен Нұрбол Нұрсағатов әкімнің орынбасары болып тағайындалды, – делінген облыс әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарламасында.
Нұрбол Нұрсағатов Бөкетов атындағы Қарағанды университетін және Гончаров атындағы Қазақ автомобиль-жол институтын бітірген.
Нұрсағатов ҚР Индустрия және сауда министрлігінің Құрылыс комитетінде жұмыс істеген. Елордалық құрылыс басқармасы бастығының орынбасары болды. Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарған.
2014-2019 жылдар аралығында Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің көлік және автомобиль жолдары басқармасының, Алматы қаласы әкімдігінің құрылыс басқармасының, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қоршаған ортаны қорғау басқармасының басшысы қызметтерін атқарған.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript