Жаңалықтар тізбегі
0

Ералы Тоғжанов Ақтөбе облысының әкімі болып тағайындалды

Ералы Тоғжанов Ақтөбе облысының әкімі болып тағайындалды Сурет: primeminister.kz
Мемлекет басшысының Жарлығымен Ералы Лұқпанұлы Тоғжанов Ақтөбе облысының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Ералы Лұқпанұлы Тоғжанов Ақтөбе облысының әкімі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары лауазымынан босатылды, – делінген жарлық мәтінінде.

Ералы Тоғжанов 1963 жылы 13 мамырда Орал облысының Ақжайық ауданындағы Шағатай ауылында туған.

Білімі:

Қарағанды мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген (1988), құқықтанушы. Заң ғылымдарының кандидаты (1995).

Еңбек жолы:

  • 1980 жылдан – Орал облысы Ақжайық ауданы Октябрь орман шаруашылығының жұмысшысы.

  • 1981 жылдан –Кеңес Әскерінің қатарында қызметте.

  • 1983 жылдан – Қарағанды мемлекеттік университетінің студенті, 1988 жылдан – мемлекет пен құқықтың теориясы және тарихы кафедрасының оқытушысы.

  • 1991 жылдан – Қазақстан Ғылым Академиясының Мемлекет және құқық институтының аспиранты, ғылыми қызметкері.

  • 1996 жылдан – Қазақ мемлекеттік заң университеті мемлекеттік қызмет жене халықаралық құқық факультетінің деканы.

  • 1999 жылдан – «Қазақ мемлекеттік заң академиясы» РКҚК Құқық және мемлекеттік қызмет институтының директоры (Астана).

  • 2001 жылдан – Қарағанды облысы әкімінің орынбасары.

  • 2006 жылдан – ҚР Әділет министрлігінің дін жөніндегі комитетінің терағасы.

  • 2008 жылдан –Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, ҚР Президенті Әкімшілігінің Қазақстан Халқы ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі.

  • 2017 жылдан – Маңғыстау облысының әкімі.

  • 2019 жылдан – Қазақстан кәсіподақ федерациясының төрағасы.

  • Қазақстан Республикасының премьер-министрінің орынбасары қызметін атқарды (11.02.2020, 18.01.2021, 11.01.2022 қайта тағайындалды).

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз