Елорда тұрғындарына 1 қыркүйектен бастап жолдарда көлік ағыны артатыны ескертілді
Көлік басқармасына желіге барынша көбірек қоғамдық көлік шығуы, сұранысқа ие маршруттарға қосымша автобустар шығару тапсырылды. Биыл жыл соңына дейін тағы 100 жаңа электр автобусын іске қосу жоспарланып отыр. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Көшелерде көлік ағынын сейілту үшін биыл тамыз айында Ұлы дала көпірінде қозғалыс ашылды. Көпір Мәңгілік ел даңғылындағы, А.Байтұрсынұлы, Р. Қошқарбаев, Ж.Нәжімеденов көшелеріндегі, Nova city ауданы мен «Мыңжылдық» аллеясындағы көлік ағынын ішінара сейілтуге мүмкіндік береді, бұған қоса жаңа «Нұрлы жол» вокзалы, Тельман және Промышленный елді мекендері, МЕТРО гипермаркеті ауданы, Жұмабаев даңғылы, Жүргенов көшесі және т.б. арасында байланысты арттырады.
Сол сияқты А62 көшесінің (А91 көшесінен Нұр-Сұлтан – Қарағанды трассасына дейінгі аралығы) құрылысы жүріп жатыр. Жоспар бойынша бұл маңайда қозғалыс биыл күзде ашылады. Бұл көше Қарағанды трассасы мен «Нұрлы Жол» теміржол вокзалы, сол сияқты қаланың сол жақ бөлігі арасында көлік қатынасын қамтамасыз етеді.
Көлік қозғалысына арналған тағы бір көпір келесі жылы ашылады. Ол Есіл өзені арқылы Тәуелсіздік даңғылын жалғайды.