Жаңалықтар тізбегі
0

Таразға жаңа әкім тағайындалды

Тараз әкімі, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.09.2022 10:45 Сурет: Жамбыл облысы әкімдігі
Бақытжан Орынбеков Тараз қаласының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президент Әкімшілігімен және Тараз қалалық мәслихатымен келісе отырып, Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Бақытжан Орынбеков Тараз қаласының әкімі болып тағайындалды. Бұған дейін ол «Тау-Кен Самұрық» ҰМК» АҚ басқарма төрағасы қызметін атқарған.

Бақытжан Орынбеков 1971 жылы 20 ақпанда дүниеге келген.

Білімі, мамандығы, лицензиялары:

М.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті (2016), «Автомобиль және автомобиль өнеркәсібі, инженер-механик», «Техника және технология, тау-кен ісі» мамандығы

Еңбек өтілі:

  • «Тараз Көлік Жолы» ЖШС президенті (2000-2004);

  • «Жамбыл облысы әкімдігінің жергілікті автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бөлім басшысы (2004-2005);

  • Жамбыл облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің директоры (2005-2008);

  • «Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы (2008-2011);

  • «Сауда-көлік компаниясы» ЖШС басқарма төрағасы (2011-2015);

  • «Волковгеология» АҚ басқарма төрағасының орынбасары (2015-2016);

  • ҚР МОАП КММ «Резерв» ПВХ ЖПҚ бас директорының орынбасары (2016-2017);

  • Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті төрағасының орынбасары (2017-2018 жж.);

  • «Тау-Кен Самұрық» ҰГК» АҚ өндірістік департаментінің директоры (2018-2019);

  • Басқарушы директор – «Тау-Кен Самұрық» ҰМК» АҚ Жобалық кеңсесінің басшысы (2019-09.2021);

  • «Тау-Кен Самұрық» ҰМК» АҚ Басқарма Төрағасы, Жобаларды басқару жөніндегі бас директорының міндетін атқарушы (15.09.2021 ж. бастап).

5 тамызда Тараз қаласының әкімі Ержан Жылқыбаев қызметінен кетті. 5 қыркүйекте Қанатбек Мәдібек пен Ерболат Ыбырайханов Жамбыл облысы әкімінің орынбасарлары болып тағайындалды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: