Жаңалықтар тізбегі
0

Сыр елінде бір мезетте 40 қазан палау басылды

Қала күні, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.09.2022 17:16 Сурет: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
Биыл Қызылорда қаласы күнін мерекелеудің мәні ерекше. Облыс әкімдігі әртүрлі форматтағы іс-шаралар бір ай бойы өткізілетінін жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін - 17 қыркүйекте "Сыр ана" монументінің алаңында 10 мыңнан аса тұрғынның қатысуымен «Ауылым – берекенің ақ бесігі» атты этно бағыттағы мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.

Ерекше шараға облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, айтыскер-ақын, Гиннестің рекордтар кітабына енген «1000 күбі» жобасының авторы Аманжол Әлтаев, "Хабар" агенттігі АҚ басқарма төрағасы Берік Уәли, зиялы қауым өкілдері мен қала тұрғындары қатысты.

Сыр - ана монументі, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.09.2022 17:16

Сурет: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

«Абай-Дәулет» ЖШС-нің қолдауымен ұйымдастырылған жиында 40 қазан күріш басылып, палаушылар сайысқа түсті.  

Аймақ басшысы қызылордалықтарды қала күнімен құттықтап, күрішті аймақта палаушылар сайысын ұйымдастырудың түптамырында ұлттық салт-дәстүр барын айтты.

Баршаңызды Сыр өңірінің бас шаһары – Қызылорда қаласының күнімен шын жүректен құттықтаймын! Қызылорда - тарихи астана, ұлтым деп соққан ұлы жүректердің, Алаш арыстарының ізі қалған қасиетті жер! «Қала күні» мерекесін тойлау әрбір жерлесіміз үшін маңызды әрі мерейлі сәт деп санаймын. Бір ай көлемінде түрлі сипаттағы ауқымды іс-шаралармен жалғасатын думанды басқосулар берекелі күздің "Алтын дән" мерекесімен сабақтасады. Бүгін, міне, Өздеріңізбен бірге аймақтағы "Сыр Ана" монументі алаңында есте қалар ерекше бір шарада бас қосып отырмыз. Ақ күріштің аймағы атанған айтулы Сыр елінде палау пісірушілердің басын қосқан үлкен сайысты этноауыл форматында ұйымдастырудың символикалық мәні бар деп санаймын. Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев

Арнайы іс-шара, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.09.2022 17:16

Сурет: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Мерекелік басқосуда Аманжол Әлтаев күрішті аймақ Сырдың жеріндегі думанды шараның мән-маңызы ерекше екенін тілге тиек етіп, қызылордалықтарды мерекемен құттықтады.

Дарияның қос қанатына қоныстанған Қызылорданың қала күні мерекесі құтты болсын! Сырдың ақ күрішін ойымызға алған кезде күріштің атасы Ыбырай Жақаев жүрегіміздің төрінен орын алады. Ыбырай атамыздың жолын жалғап, баба аманатын арқалаған диқаншылар үлкен еңбек көшінің басында келеді. Сыр елінің күріші байлықтың, берекенің белгісі. Бүгін 40 қазанға палау пісіріп, елдің берекесі молая түссе екен деген игі бастама қолға алынған екен. Елдің берекесі тарқамасын, ырысы ортаймасын. Аманжол Әлтаев

Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, этноауыл форматындағы шарада ақ күріштің атасы атанған Ы.Жақаевтың «Күріш туралы толғанысынан» үзінді, қазақтың дәстүрін насихаттайтын ауыл жастарының алтыбақан астындағы көңілді кешінің көрінісі, ақындар айтысы, «Бауырсақ PARTY»,  «Шұбат – қымыз FEST», «Қауын – қарбыз FEST»  фестивальдерімен жалғасты.

Мерекелік шара, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.09.2022 17:16

Сурет: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Думанды шарада бір мезетте 10 мың тұрғынға арналған 40 қазан күріш басылып, палаушылар сайысының жеңімпаздары анықталды. І орын иеленген азаматқа 150 мың теңгенің сертификаты табысталды.

Мерекелік жиын концерттік бағдарламамен аяқталды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: