Қала әкімі Көкбұлақ елдімекенінің тұрғындарымен кездесті

Шымкенттегі Абай ауданына қарасты Көкбұлақ елді мекенін инфрақұрылым жүйелерімен қамту жұмыстары жалғасып жатыр. Қала әкімі Мұрат Әйтенов атқарылып жатқан құрылыс барысын тексерді.
Тұрғын алапқа былтыр толық оптика желісі тартылып, интернетпен қамтылған.
Сондай-ақ 2021 жылы тұрғындар ауыз су мен жарыққа 100% қол жеткізді.
Ал көгілдір отынмен осы жылдың ІІІ тоқсанында қамтылатын болады, құрылыстың 90% атқарылған.

Сурет: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Сурет: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Сурет: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Қоғамдық көлік мәселесі шешілген,№146 және №180 маршруттары қойылған.
Бұдан бөлек, былтыр 2, биыл 1 балалар алаңшасы пайдалануға берілді.

Сурет: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Құрылыс нысандарын аралай жүріп, жергілікті тұрғындармен кездескен әкім басқа да проблемаларға көңіл аударып, оның шешілу жолдарын жауапты басқарма басшыларына тапсырмалар жүктеді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript