Мұхит Әзірбаев Алматы әкімінің орынбасары қызметінен босатылды
Сурет: Алматы әкімдігі
Алматы әкімдігі Мұхит Әзірбаевтың Алматы қаласы әкімінің орынбасары қызметінен кеткенін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мемлекет басшысының биылғы наурыздағы Жолдауында айтылған тапсырмаларына сәйкес және Үкімет қаулысына сәйкес облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың әкімдіктерінде мемлекеттік қызметшілерді оңтайландыру мақсатында 21 қыркүйектен бастап 2022 жылы Алматы қаласы әкімінің орынбасары Мұхит Әзірбаев өз қалауы бойынша қызметінен босатылды, - делінген хабарламада.
Мұхит Әзірбаев 2019 жылдың сәуір айынан бастап Алматы әкімінің орынбасары қызметін атқарып, құрылыс және энергетика мәселелеріне жетекшілік етті.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript