Жаңалықтар тізбегі
0

Таразда қала күні кең көлемде атап өтілді

Мерекелік іс-шара, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.10.2022 19:13 Сурет: Тараз қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Салтанатты шараға облыс әкімі Нұржан Нұржігітов, қала әкімі Бақытжан Орынбеков, ардагерлер, зиялы қауым өкілдері мен қала тұрғындары қатысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Меркелік кеш барысында еліміздің демографиялық жағдайына үлес қосқан 5 көпбалалы аналарға "Алтын алқа" марапаты табысталды.

  1. Мүсралиева Айнур Абішқызы

  2. Үсіпбекова Ұлбосын Орынбасарқызы

  3. Түлебекова Гүлғайша Мырзақасымқызы

  4. Мучиоглы Айша Мамедовна

  5. Дәулеталиева Нұргул Бақытжанқызы.

Сондай-ақ Тараз шаһарының әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқан бірнеше азаматтарды Құрмет грамоталарымен және Алғыс хаттармен марапаттады.

Марапаттау рәсімі, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.10.2022 19:13

Сурет: Тараз қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Құрмет грамотасымен:

  • Молдыбаев Аманбай Шоңбайұлы - күйші, сазгер, ақын. Қазақстан Республикасының "Мәдениет қайраткері", Құрмет белгісінің иегері, Халықаралық БҰО- ның Құрмет Орденінің иегері, Республикалық "Дарын" сыйлығының иегері. М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-дің доценті, "Құрметті профессоры";

  • Огобаев Нұрлан Жақанұлы - "Жамбыл су" мекемесінің жөндеуші-слесарь-ремонтнигі;

  • Ергешова Гулнар Аниязқызы – меншік иелерінің бірлестігінің басшысы;

  • Сағындықова Сайлаукүл Байбосынқызы - "Жасыл Ел – Тараз" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Жол тазалығын сақтау учаскесінің жұмысшысы;

  • Сейдахметов Бекболат – 2009 жылдан бері Родничок алқабының кварталдық комитеттің төрағасы. Құрметті зейнеткер.

  • Мерекелік іс-шара, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.10.2022 19:13

    Сурет: Тараз қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алғыс хатпен:

  • Бакирова Гүлнар Абдуллақызы - №13 бөбекжай - бақшасының тәрбиешісі;

  • Жақсылықов Ақтөре Қайратұлы - Тараз қалалық Полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлімінің қоғамдық тәртіпті сақтау және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету тобының аға инспекторы;

  • Қарымбаева Ғазиза Серікқызы - Жамбыл облыстық медициналық жедел жәрдем станциясының жоғары санаттағы жедел жәрдем дәрігері. 2020 жылы пандемия кезінде Қазақстан Республикасының бас санитариялық дәрігердің қаулысының негізінде жедел медициналық көмек жұмысының мониторингің жүргізу мақсатында құрылған мобильдік бригада құрамында айрықша жұмыс жасаған қызметкер;

  • Тілегенов Жанислам Нұржанұлы - Тараз қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының инженеры, Азаматтық қорғау лейтенанты;

  • Шеркешбаев Жамбыл Мәлікұлы - "Тараз қалалық Электр Желілері" Жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің электр монтер жұмысшысы.

  • Таразда қала күні тойланды, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.10.2022 19:13

    Сурет: Тараз қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Шара соңы мерекелік концертке ұласып, жергілікті өнер жұлдыздары мен кеш қонақтары Садраддин мен Төреғали Төрәлі өз өнерлерін көрсетіп, Тараз қаласының тұрғындары мен қонақтарына ерекше көңіл сыйлады.

Концерт, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.10.2022 19:13

Сурет: Тараз қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: