Алматыда "Жасыл аула" акциясы басталды
Ведомствоның хабарлауынша, көпқабатты үйлердің және басқа да қоғамдық орындардың аулаларын көгалдандыруды қалайтындардың барлығы егу үшін шаған, үйеңкі, акация, сәнағаш және қайыңды тегін ала алады.
Акцияға қатысушылар үш жыл бойы егілген ағаштарды күтіп-баптау туралы кепілдік міндеттемеге қол қоюы керек.
Қатысу үшін zhasyl.aula22@gmail.com электрондық поштасына хат жіберіңіз:
Бастамашы тұлғаның толық аты-жөні және байланыс деректері, ағаш еккісі келетін нақты мекенжайы.
Жоспарланған егу алаңының бірнеше фотосы (мамандар орынды бағалай алатындай панорамалық фото).
Көшеттердің қажет санын және олардың тұқымын көрсетіңіз.
Көшеттерді тарату Алматы қаласы, Алатау шағынаудан мекенжайы бойынша жүзеге асырылады. Ұлжан-2, Бертайқызы көшесі, 24 («STAMP SERVICE» ЖШС базасы).
Өтінімдерді қараудың соңғы мерзімі 2022 жылдың 17-26 қазан аралығында.