Астана United Cities and Local Governments дүниежүзілік ұйымының құрамына енді
Сурет: gov.kz
Астана "Біріккен қалалар мен жергілікті биліктер" дүниежүзілік ұйымының құрамына енді. Бұл ұсыныс аталмыш ұйымның дүниежүзілік кеңесінің (United Cities and Local Governments) отырысы барысында қолдау тапты. Алтай Көлгінов ұйымның тең төрағасы болып сайланды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Дүниежүзілік ұйымға ену қатысушы елдер арасында тәжірибе алмасуға, өзекті мәселелерді көтеруге және оларды кешенді шешу ісіне жәрдемдесуге, қалалардың әлеуетін таныстыруға, қалаға қосымша инвестициялар тартуға және т.б. мүмкіндік береді, делінген елорда әкімдігінің ресми сайтында.
Дүниежүзілік Біріккен қалалар мен жергілікті биліктер ұйымы – муниципалитеттердің, мегаполистердің және аймақтардың, сондай-ақ олардың бірлестіктерінің 2004 жылы құрылған ғаламдық желісі. Ұйым өкілдері атап өткендей, оның құрамына БҰҰ-ның 140 елінен бас-аяғы 240 000 муниципалитет, аймақтар мен мегаполистер кіреді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript