Жаңалықтар тізбегі
0

Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев өңірдің бірқатар азаматтарын наградтады

Республика күні қарсаңындағы шара, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.10.2022 20:20 Сурет: Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Семейде 25 қазан – Республика күніне орай Абай облысының орталығы Семей қаласында салтанатты жиын мен мерекелік концерт өтті. Мерекелік шара барысында облыс басшысы Нұрлан Ұранхаев елге еңбегі сіңген бірқатар азаматтар мемлекеттік наградалармен марапаттады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Республика күніне орай облыстағы құрметті азаматтар, өндіріс озаттары және өңірдің дамуына үлес қосып, ерекше көзге түскен жандар наградталды.

"Парасат" орденімен:

  • Сапоров Болат, Еңбек ері, Семей қаласы

  • Стромская Татьяна Александровна, "Невзоровтар отбасы атындағы облыстық бейнелеу өнері мұражайы" КМҚК директоры

    Наградтау рәсімі, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.10.2022 20:20

    Сурет: Татьяна Стромская/Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

  • Даутов Аманжол Төлеубекұлы, "Жарма ауданының мәдениет үйі" КМҚК директоры

    Наградтау рәсімі, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.10.2022 20:20

    Сурет: Аманжол Даутов/Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

"Құрмет" орденімен:

  • Кәрібжанов Отантай, "Абай Құнанбаев" республикалық қоғамдық қорының президенті

    Марапаттау рәсімі, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.10.2022 20:20

    Сурет: Отанай Кәрібжанов/Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

  • Камалханұлы Баделхан, "Қазақ күресі" федерациясының вице-президенті

  • Иманғалиева Айгүл Дәуірбекқызы, Еңбек ері, Ақсуат ауданы

  • Жақиянова Нағима Сапақанқызы, "Үржар ауданының №2 аудандық ауруханасы" бас дәрігері

  • Уәлиев Ғибрат Әлханұлы, Семей қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған сотының судьясы

  • Қалиев Нұрбол Мейрамұлы, мүсінші, "Семей-Қола" мүсін құю өндірісінің директоры

  • Оразаев Талғат Айтказыұлы, "Раушан" ШҚ басшысы, Бородулиха ауданы

  • Сандыбаев Марат Нұрланбекұлы, Денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы.

    Марапаттау рәсімі, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.10.2022 20:20

    Сурет: Марат Сандыбаев/Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

  • Хазипов Рафаиль Сайтмагруфович, жеке кәсіпкер

ІІІ дәрежелі "Еңбек даңқы" орденімен:

Шалқыбаев Қайрат Қасымұлы

Республика күніне орай, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.10.2022 20:20

Сурет: Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Сонымен қатар, "Ерен еңбегі үшін", "Шапағат" медальдары және Абай облысының ең үздік азаматтарына Қазақстан Республикасының құрмет грамотасы табыс етілді.

Олардың қатарында Жарма ауданының тракторшы-машинисі Абай Жолдыхан, бройлер фабрикасының сою цехының қызметкері Күлтай Ысқақова, "Қайыңды" ШҚ жұмысшысы Серік Биязбеков, "Талап" ШҚ механизаторы Қайрат Шалқыбаев, жемшөп өндірісінің операторы Мағрипа Бәкірова, еңбек ардагерлері, Көкпекті ауданының аудандық ауруханасының отоларинголог дәрігері Орлабек Тоғасбаев, еңбек ардагерлері және басқалары бар.

Концерт, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.10.2022 20:20

Сурет: Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Араға 13 жыл салып, ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен, "ұмыт болған" мейрамға "ұлттық" мәртебе берілді.Республика күні - Қазақстанның жаңа тарихына басты мереке ретінде енді.Осынау мерекені Абай елі зор қуаныш, асқан мәртебе, болашаққа деген үлкен сеніммен қарсы алуда.Халықтың қалауы, Президент шешімімен дүниеге келген Абай облысы, бүгіннің өзінде, Республикамыздың маңызды аймақтарының біріне айналуда. Өңірдің әлеуметтік-экономикалық мәселелерін жедел шешіп, тұрғындардың әл-ауқатын арттыру бағытында нақты тапсырмалар іске аса бастады. Бай тарихын түгендеп, шекарасын шегендеп, түрлі ұлтқа пана болған, бейбітшілік мекені, ұлан-ғайыр атырап, қасиетті Отанымыздың төл мерекесі - Республика күні баршамызға құтты болсын! Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев

Шара Абай атындағы облыстық театр, Ә.Қашаубаев атындағы Мемлекеттік филармония, қалалық мәдениет сарайы, "Восток" үрмелі оркестрі және "Ұлттық ұлан" әртістерінің, сондай-ақ Семей қаласының балет мектебі, "Жас Ұлан" мектеп-лицейінің тәрбиеленушілері мен Семей қаласының Мәдениет және Жастар сарайының, М.Төлебаев атындағы музыка училищесінің шығармашылық ұжымдарының қатысуымен "Қыран елім – Қазақстаным" концерттік бағдарламасымен аяқталды.

Концерт, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.10.2022 20:20

Сурет: Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: