Жаңалықтар тізбегі
0

Таразда битум мәселесі шешіліп, жол құрылысы қайта жанданды

Инфрақұрылым, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.11.2022 10:16 Сурет: Тараз қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Таразда Мәмбет батыр көшесінде жол жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл жолды жөндеу тұрғындардың көп жылғы сұранысы бойынша қолға алынды. Жаз мезгілінде республика бойынша орын алған битум тапшылығы салдарынан жұмыстар тоқтап қалған болатын, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тараз қаласы әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгінгі таңда битум мәселесі өз шешімін тапты. Осыған байланысты жол құрылысы қайта жанданды. Бүгінде жолдың негіздемесін төсеу жұмыстары аяқталуда. Бұдан кейін асфальт төсеу басталады.

Мердігер компания жұмысты жеделдету мақсатында қосымша екі асфальт зауытымен келісімшарт жасады. Сонымен қатар қосымша мердігерлер тартылды.

Сонымен қатар Мәмбет батыр, Ташкент көшелерінің ұзындығы 9,45 шақырымын қайта жаңғырту жұмыстары жобада.

Көшені қайта жаңалау, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.11.2022 10:16

Сурет: Тараз қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Мәмбет батыр көшесін қайта жаңғырту бойынша мердігер "Маңғыстау жол-құрылысы материалдары комбинаты" АҚ" ЖШС-мен жұмыстар жүргізілуде (ұзындығы 4,9 шақырым), Мәмбет батыр көшесінде (Сыпатай батыр көшесінен бастап 300 метрде) асфальт жабындысының 1-ші қабаты төселді, қалған теміржол өткеліне дейінгі аралыққа асфальт төселетін болады. Одан арғы жағындағы аралыққа дейін жол негіздемесі әзірленіп жатыр.

Жол жөндеу жұмыстарын уақытылы әрі сапалы аяқтау мақсатында қала әкімдігі тарапынан кешенді шаралар қабылданды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: