101 жастағы соғыс ардагері бірінші болып сайлауда дауыс берді
Сурет: Қызылорда облысы Қоғамдық даму басқармасы
Қызылорда облысында Ұлы Отан соғысының ардагері, 101 жастағы қария Яхия Тасыров сайлау учаскесінде бірінші болып дауыс берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Тереңөзек кентінің тұрғыны, Ұлы Отан соғысының ардагері, 101 жастағы қария Яхия Тасыров бірінші болып сайлау учаскесінде дауыс берді.
Сырдариялық соғыс ардагері бірлікті ту етіп, елдің дамуына негіз болатын саяси науқанға әрбір азаматтың бей-жай қарамау қажет екенін айтты.
Қазыналы қария өз таңдауын жасағаннан кейін-ақ батасын беріп, сәттілік тіледі.
Айта кетейік, өңірде 373 сайлау учаскесі және 482 934 сайлаушы бар.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript

