Жаңалықтар тізбегі
0

Екібастұзда шамамен 130 көпқабатты тұрғын үй жылусыз әрі ыстық сусыз қалып отыр

Төтенше жағдай, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.11.2022 17:20 Сурет: freepik
15 зақымданған орын анықталды, оның алтауы жойылды, ал қалған тоғызы бойынша бригадалар жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Оған қоса қаладағы жекелеген жылу желілерін орталықтан ажырату жүзеге асырылуда, деп хабарлайды Zakon.kz.

Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары Олег Крук Мәшһүр Жүсіп көшесі бойындағы учаскеде су басқан бес камера анықталғанын жеткізді.

Қазір осы камералардағы су ағызу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жылу желісінен ажыратылған 130 көп қабатты тұрғын үйде жылыту жүйесін босату үшін суды ағызу қажет. Тұрғындардан суды ағызуды сұрадық. Біз жұмыс істеп болғаннан кейін олар жүйеге қайта қосылады. Олег Крук

Оның айтуынша, қазіргі уақытта қосымша тағы бір қазандық іске қосылған, одан бөлек үш энергетикалық және бір су жылытқыш қазандығы жұмыс істеп тұр.

ЖЭО қалаға жіберетін температура 52-53 градус болуы үшін тағы бір қазандық қосылған. Қазандықты қызуын 60 градусқа дейін көтеру үшін от салу жоспарланып отыр, сол кезде тұрғындар желілердегі суды ағызу жұмысында көп әуреленбейді. Біз жұмыс істеп жатырмыз. Жағдай бақылауда. Олег Крук

 Екібастұз қаласының әкімі Аян Бейсекин жұмыс штабы анықталған зақымдарды жою бойынша барлық қажетті шараларды қабылдап жатқанын айтты. Сондай-ақ ол қала тұрғындарын тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырды.

Температура параметрлерін арттыру бойынша жұмыстар жүргізілуде, бір қазандықта от бар, осылайша температура параметрлерін көтереміз. Сондай-ақ, жеке секторда суық сумен жабдықтау бойынша қатып қалу және басқа да тәуекелдерді болдырмау үшін жұмыс ұйымдастыру қажет, – деді Аян Бейсекин. 

2022 жылы 27 қарашада ЖЭО-да сағат 01.30-да жылу желілеріндегі ақауларға байланысты Екібастұз қаласы жылусыз қалды. Облыс әкімі таңертең оқиға орнына келіп, арнайы штаб құрды . Ақауларды жөндеу жұмыстарына 20 шақты бригада жұмылдырылып жатыр. Сондай-ақ Екібастұздың әлеуметтік нысандарындағы адамдар Павлодарға жеткізілетіні белгілі болды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: