Рудныйдағы ТЖ: әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлерге жылу беру қалпына келтірілді
Сурет: Instagram/rudny_official
Рудный қаласы әкімдігінің ТКШ бөлімі қаланың әлеуметтік нысандары мен тұрғын үйлеріне жылу штаттық режимде беріліп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Гагарин көшесіндегі №6 және 4 үйлердің ауданындағы магистральдық желілердегі апаттың көзі жойылды.
"Сағат 21: 00-дегі жағдай бойынша, "Рудный жылу желілері" ЖШС апаттық бригадалардың арқасында 9 ықшам ауданында, Гагарин көшесіндегі № 6 және 4 үйлердің ауданында диаметрі 325 мм магистральдық желі құбырының жарылған жеріне катушка орнату әдісімен ақау жойылды. Қазіргі уақытта қаланың әлеуметтік нысандары мен тұрғын үйлеріне жылу штаттық режимде беріліп жатыр". Рудный қаласы әкімдігінің ТКШ бөлімі
30 қарашада Рудныйда құбыр жарылды. Салдарынан бес қабатты 33 тұрғын үй және 13 жеке үй жылусыз қалды. Сондай-ақ, мектеп те жылу желісінен ажыратылды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript