Екібастұздағы жылыту бекеттерінде қайырымдылық өнімдері таратылып жатыр – фейк
Сурет: freepik
Екібастұз қаласының әкімдігі жылыту бекеттерінде қайырымдылық өнімдерінің таратылып жатқаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайтынын жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Жылыту бекеттерінің орындарында қайырымдылық өнімін тарату туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Сонымен қатар, төтенше жағдайға тап болған адамдар үшін қажетті жағдайларды (жылу, ыстық тамақ және демалыс орындары) жасауға арналған 14 жылыту бекеті ұйымдастырылғанын еске саламыз", делінген Екібастұз қаласы әкімдігінің хабарламасында.
Жылыту бекеттері мына мекенжайларда орналасқан:
1) №4 ЖОМ - Абай 84 көшесі;
2) №18 ЖОМ - Академик Марденов бульвары 7 көшесі
3) №21 ЖОМ - Петренко 7 көшесі;
4) "Өнер" ҚМО - Әуезов 149 көшесі;
5) Музыка мектебі - Әуезов 55/1 көшесі.
6) №5 ЖОМ - Павлов 5 көшесі;
7) №7 ГМ - Кеншілер 20 көшесі;
8) "Қайнар" ББК - Абай 121 А көшесі;
9) Достық үйі - М.Жүсіп 101 көшесі ;
10) "Савой" мейрамханасы - М.Жүсіп 101 көшесі;
11) "Арасан" монша кешені - Екібастұзға 40 жыл 52 көшесі.
12) №23 ЖОМ - Сәтпаев 24 көшесі;
13) №36 ЛМ - Сәтпаев 23 көшесі;
14) "Алтын дан" кафесі – М.Мәметова 70 көшесі.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript