Алматы қаласы Экология және қоршаған орта басқармасына жаңа басшы тағайындалды
Сурет: Алматы қаласының әкімдігі
Қала әкімінің өкімімен Экология және қоршаған орта басқармасының басшысы болып Серік Әділбаев тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Серік Әділбаев Қазақ аграрлық университетін бітірген.
2016-2021 жылдар аралығында Бостандық ауданы әкімінің орынбасары, 2021 жылдан бері аталмыш басқарма басшысының орынбасары болды. 2022 жылғы наурыз айынан бері Экология және қоршаған орта басқармасы басшысының міндетін атқарды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript