Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда 200 мыңға жуық адам орталық сумен жабдықтау жүйесіне тұрақты қосылмаған

Алматы қаласы, Алматы қаласының әкімі, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.12.2022 11:11 Сурет: pexels
Қала әкімі Ерболат Досаев мәслихат депутаттарымен кездесуінде Алматы қаласының тұрғындарын, оның ішінде бірінші кезекте қаланың батыс бөлігіндегі халықты ауыз сумен қамтамасыз ету жұмысы келер жылы да жалғасатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қала әкімі 16 қарашада Мемлекет басшысы қала жұртшылығымен кездесу кезінде Алматының әрбір азаматы үшін қолайлы ортаны дамыту жөнінде бірқатар тапсырмалар бергенін айта кетті.

Қазіргі уақытта Алматы қаласында 200 мыңға жуық адам орталық сумен жабдықтау жүйесіне тұрақты қосылмағанын сөз еткен әкім осы мәселені шешу бағытында атқарылатын жұмыстарға мен бөлінген қаражатқа тоқталып өтті.

Тұрғындарды, бірінші кезекте қаланың батыс бөлігіндегі халықты ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында, 2023 жылдың маусым айында Қарғалы өзенінде су жинау құрылғысын салу жұмыстарын аяқтау және Ақсай өзеніндегі су жинау құрылғысының құрылыс-монтаждау жұмыстарын одан әрі жүргізу үшін келесі жылы 8,6 млрд теңге қарастырылған.Алматы қаласының әкімі Ерболат Досев

Сондай-ақ ол 4,4 млрд теңгеге Нижняя Пятилетка, Шуақты, Жас Қанат, Каменское Плато, Кеңсай және т.б. шағын аудандарда сумен қамту және су бұру желілерінің құрылысы жалғасатынын атап өтті.

Шаңырақ-1,2, Өжет шағын аудандарында, Қазыбаев – Рысқұлов – Тәтібеков –Райымбек көшелерінің бөлігінде және т.б. 2023 жылдың соңына дейін 3,2 млрд. теңгеге инженерлік желілердің құрылысы аяқталады. 

Сонымен бірге, Юбилейныйдан Көлсай шағын ауданына дейін, Алғабас және Маяк, Шапағат шағын аудандарында, Әлмерек ауылында 10,8 млрд теңгеге сумен жабдықтаудың магистральды және таратушы желілерінің жаңа құрылысы басталады, 170 мыңға жуық тұрғын қамтылады.Ерболат Досаев

Қала әкімінің сөзінше, 4,6 млрд теңгеге Кемел, Әлмерек, Колхозшы, Шуақты шағын аудандарында, Палладин көшесінде  электрмен жабдықтау желілері мен 2 қосалқы станцияның құрылысы аяқталады. Оның айтуынща, бұл 540 мың тұтынушыны үздіксіз электрмен қамтуға мүмкіндік береді.

Келер жылы Алмалы және Жетісу аудандарының (Айнабұлақ ықшам ауданы) жылу желілерін қайта жаңғырту жұмыстары басталады. Бұл мақсатқа бюджеттен 1,6 млрд теңге бөлінді. 1,5 млрд теңгеге Құлагер шағын ауданының және Қазыбек би көшесінің бойындағы  Абдуллиндер және Уәлиханов көшелерінің арасындағы желіні жаңғырту жұмысы аяқталады. Бұл 113 мың тұрғынның мәселесін шешуге септігін тигізеді.

Сонымен қатар әкім Бостандық және Наурызбай аудандарындағы 450 мың тұрғынды жылумен қамту мақсатында 2 қазандықты жаңартуға 530 млн теңге қаржы бөлінетінін айтты.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: