Жаңалықтар тізбегі
0

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек үлескерлермен кездесті

Әлеуметтік желі, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.12.2022 13:20 Сурет: gov.kz
Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек құрылысы бірнеше жылға созылған үш көппәтерлі тұрғын үйдің үлескерлерімен кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы қала әкімі Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Әкім үш көппәтерлі тұрғын үй кешенінің үлескерлерімен кездесті. Олар – "Future home", "Арыстан", "Зере-2" тұрғын үй кешендері. Бұл тұрғын үй кешендері ең күрделі болып саналады. Жалпы алғанда, мұнда жылдар бойы 600-ден астам үлескер отбасы өз кілтін алуды күтіп жүр.

Мәселен "Future home" тұрғын үй кешенінің құрылысы 2013 жылы басталған. Нысанның өзі 6 жыл бұрын проблемалы деп танылды. Бұл тұрғын үй кешенінде 200-ге жуық үлескер отбасы бар. Нысанның дайындығы 40%-ды құрайды. Осы орайда екі блокты бұзуға тура келгенін айта кеткен жөн. Себебі құрылыс жұмысын қайта бастау үшін жарамсыз деп танылған болатын.

"Арыстан" тұрғын үй кешенінде 450-ге жуық үлескер отбасы бар. Бұл көппәтерлі тұрғын үй кешені проблемалы құрылыстың ірі нысандарының бірі болып саналады. Оны беру кезінде нысанның тек 20-30%-ы ғана дайын болған еді. Тұрғын үй кешені бірнеше блоктан тұрады, оның бір бөлігі аяқталды – шамамен 270 үлескерге баспана кілті табысталды. Қалған блоктарды да аяқтау жоспарда бар. Сол сияқты кездесуде тұрғындар нөсер кәрізін салу, жылы аялдама орнату, қосымша автобус бағытын іске қосу секілді өзге де мәселелерді көтерді.

Құрылысы ұзаққа созылған тағы бір нысан – "Зере-2" тұрғын үй кешені 6 жыл бұрын проблемалы деп танылды. Мұнда 230 үлескер отбасы өз пәтерін күтіп жүр. Нысанды беру кезінде тек шұңқыры қазылған күйде ғана болған. Қазіргі уақытта құрылысы қайта жанданды, алайда жұмыс қарқынын арттыру қажет.

Осыған дейін әкімдік қаладағы құрылысы ұзаққа созылған нысандар бойынша үлкен жүйелі жұмыс жүргізген болатын. Үлестік құрылысқа тиесілі 51 нысанның ішінде 15-інің проблемасын шешу қалды. Оның 7-еуін биыл аяқтау жоспарланған. Тағы 8 нысанды (бұл 30-дан астам тұрғын үй кешені) 2023 жылы аяқтау міндеті тұр. 

Құрылысы ұзаққа созылған нысандардың аяқталуы Мемлекет басшысының бақылауында. Үлескерлердің проблемаларын шешу – бұл біздің міндетіміз. Басты мақсатымыз – үлескерлердің өз пәтерлеріне кіріп, қоныс тойын тойлауы. Біз тұрақты негізде құрылысы ұзаққа созылған нысандардың, аудандардың, елді мекендердің тұрғындарымен кездесіп, жағдайды жіті назарда ұстаймыз. Кездесу барысында айтылған проблемаларды шешу мәселесін қолға алдық. Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: