Жаңалықтар тізбегі
0

Қала әкімінің Шөлдала және Химик массивтерінің тұрғындарымен кездесуі

Тараз, Шөлдала, Химик, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.12.2022 12:10 Сурет: Тараз қаласының әкімдігі
Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков Шөлдала, Химик алқаптарының тұрғындары үшін көптен күткен жағымды жаңалықты жеткізді. Енді мұндағы тұрғындар 25 қарашадан бастап электр энергиясының 1 кВт-на 15,05 теңгеден төлейді.

Бүгінде қалада тұрғын үйлерді абоненттеу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Айта кету керек, бірінші кезекте жарыққа қарызы жоқ үйлер абоненттеледі. Осы орайда халыққа тағы бір жеңілдік жасалып отыр. Бұған дейін қордаланған қарызы барларға бөліп төлеу де (рассрочка) жеңілдік ретінде қарастырылды.

Бұл дегеніміз – халық тұтынатын электр энергиясы желілерін қалалық әкімдік өз жауапкершілігіне алды деген сөз. Абоненттеу жұмыстары аяқталғанға дейін жарық үшін алынатын төлемақыны әкімдік тарапынан бекітілген мамандар жинайтын болады. Абоненттеу 100 пайызға аяқталған соң, үйлерге “АСКУЭ” есептеу құрылғысы орнатылып, азаматтар түрлі қосымшалар арқылы төлемақы жасауға мүмкіндік алады.


Тараз, Тараза қаласы, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.12.2022 12:10

Сурет: Тараз қаласының әкімдігі

Осы және өзге де мәселелерді талқылау мақсатында Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков аталған аумақтардың тұрғындарымен кездесті. Басқосуда алқаптарды үздіксіз электр қуатымен қамтамасыз ету, ауыз су құбырларын жүргізу, газ тарту, қоғамдық көліктің қатынауы, жол жөндеу сынды халық үшін өте өзекті мәселелері көтерілді.

Әкім кездесу барысында халықты облыс орталығындағы 28 саяжай мен Құмшағал, Шөлдала, Қызыл Абад, Көлтоған, Жиделі алқаптарын орталықтандырылған су жүйесіне қосу үшін құбырлар тартылып жатқанынан хабардар етті. Бұл жұмыстар жоспар бойынша, 2023 жылы аяқталып, тұрғындар көп ұзамай таза ауыз суға қол жеткізеді.


Тараз қаласы, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.12.2022 12:10

Сурет: Тараз қаласының әкімдігі

Аумақтарға газ да тартылып жатыр. Дегенмен, тұрғындар бұл жұмыстардың баяу жүріп жатқанын айтып, шағымданды. Бұл ретте мердігер алдымен арнайы комиссияның оң шешімі болуы қажет екенін алға тартты Бірақ комиссияның барлық үйді бірден тексеруге мүмкіндігі жоқ. Осы орайда шаһар басшысы жауапты орынбасарға келесі аптадан бастап әкімдік мамандарын аталмыш жұмысқа қосып, жұмыс барысын жылдамдатуды тапсырды.


Тараз қаласы, Химик, Шөлдала, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.12.2022 12:10

Сурет: Тараз қаласының әкімдігі

Тараз қаласы, Химик, Шөлдала, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.12.2022 12:10

Сурет: Тараз қаласының әкімдігі

Қала тұрғындары үшін қоғамдық көлік қатынау мәселесі де өзекті болып отыр.Тұрғындар әкімдіктен 40 және 54 автобустарды алқап ішімен жүргізуді сұрады.Бүгінде қалада автобус тапшылығы бар екендігі жасырын емес. Дегенмен, алдағы уақытта тасымалдаушы мекемелермен аумақтарға автобус жүргізу бойынша келіссөздер жүргіззу жоспары бар.

Жарық, газ сияқты өзекті мәселелермен қатар, тұрғындардың емхана,банкомат, полиция пунктін орнату қажеттілігі туралы ұсыныстары назарға алынды. Кездесу барысында айтылған ұсыныстарды әкімдік мамандары хаттамаға енгізіп, кезең-кезеңімен заң аясында шешіп беруге уәде берді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: